ЕЛ ҚОРҒАНЫ — АЙБЫНДЫ ЕРЛЕР

0

Өткен жұмадаҚордай аудандық Мәдениетүйінде аудан әкімі Мәден Мұсаевтыңқатысуымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті.

Биыл ҚРҚарулы Күштерініңқұрылғанына 30 жыл толып отыр. Алғашында аумалы-төкпелі заманның талай сынына төтеп берген еліміздіңҚарулыКүштері бүгіндеқалыптасу мен дамудың даңқты жолынан өтіп, жауынгерлік даярлықтың жоғарықарқынды деңгейіне жетті. Мұныменқоса, айбынды әскеріміздің материалдық-техникалық базасы нығайып, ел қорғанында жүрген азаматтардың біліктілігі артты. Өз сөзінде осы іспеттес игі жетістікті тілге тиек еткен аудан әкімі Мәден Мұсаевәскериқызметшілер мен барша қордайлықтарды айтулы мерекемен құттықтап, өзіне жүктелгенқызметтік міндетін адал атқарған бірқатар азаматтарды мерейлі мерекеге орай марапаттады. Атап айтатын болсақ, ауыл шаруашылығы саласына қосқан елеулі еңбектеріүшін «Нур-Ал» ЖШС-нің басшысы Д.Онгельдиев, «Благовещенка» ЖШС-нің басшысы У.Варшакидзе, «Қордай ауданының ветеринарлық станциясы» КММ-нің басшысы Ғ.Сабралы, «Макулбаев» ШҚ-ның басшысы М.Мақұлбаев, «Чайзат» ШҚ-ның басшысы А.Қуттыкова «Елеулі еңбегіүшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ «Нур-Ал» ЖШС-нің сауыншысы К.Конесова, «Korday Fish» ЖШС-нің бас директоры Р.Харсанов, «Korday Fish» ЖШС-нің бас есепшісі Р.Хива, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринарлық бақылау жәнеқадағалау КомитетініңҚордай аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы М.Алмекеев ІІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісін иеленді. Ал облыс әкімінің алғыс хатымен Қордай аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, «Жамбыл облыстықөзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі А.Ганиев, Сортөбе ауылдық ауруханасының меңгерушісі, Қордай аудандық мәслихатының депутаты, Қазақстанхалқы Ассамблеясының мүшесі Т.Апаева марапатталды.
Бұдан бөлек аудан әкімініңҚұрмет грамота-сымен Қордай аудандық орталық ауруханасы-ның хирург-дәрігері Е.Тлебаев, аудан әкімінің алғыс хатымен Ауған соғысының ардагерлері Қ.Шалқарбеков, А.Кайпов, Қордай аудандық сотының төрағасы Е.Ілиясов, Қордай аудандық прокурорының орынбасары Қ.Бекмұратов, Қордай аудандықҰлттықҚауіпсіздік Комитетініңқызметкері Р.Қалықберді, Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының шекара бөлімшесі бастығының орынбасары Д.Енсебаев, Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының «Жасыл төбе» шекаралық бөлімшесінің басшысы Б.Абдукаримов, Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының клуб бастығы Е.Даумбаков, Қордай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полициясы, полиция капитаны Р.Валиев, Қордай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полициясы, полиция капитаны Ә.Копабаев марапатталды. Салтанатты рәсімнен кейін залға жиылғанқонақтар аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.