30 тамыз «Конституция» және 1 қыркүйек — «Білім» күніне орай Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Халқымыз «Ата-баба дәстүрі – асыл мұра», дегендей «Бала – бауыр етім», деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндетке отырғызу сияқты тойларын жасаған. Орталықта 7-ге толып, 1-сыныпқа қабылданып, «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысу сәті өтті.
Орталық мамандарының орындауында «Шаңырақ» биімен ашып, Әнұран орындалып, балалардың орындауында өлеңдер оқылып, «Азбука», «Ұстаздармен оқушылар», «Вальс» биін билеп, мамандардың орындауында «Маша мектепке барады», «Буратино идет в школу», «Незнайка опять двойка» қойылымдарын көрсетті. Соңында «Қоян мен аю» шоуы келіп балаларға ойындарын ойнатып, жақсы көңіл-күй сыйлап кетті.
1-сыныпқа баратын орталықтың баласына «Аманат» партиясының Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке, мектепке қажетті заттар табыстады.
Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді.