ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

0

Өткен аптада 25 қазан Республика күніне орай Қордай ауылдық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында эстафеталық ойындардан аудандық турнир өтті.

Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы мен бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының мұрындық болуымен өткен шараның негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және достық қарым-қатынасты нығайту, әрі мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Спорттық дода барысында сөз алған бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының директоры Ерсін Ақпаев баршаны ұлттық мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа «Жалын», «Сұңқар», «Тұлпар» атты аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері мен мамандарынан құралған топтар қатысты. Қоларбаға танылса да, жігері мойымаған балақайлар тартысқа толы ойын көрсетті. Ойын барысында әр топ өздерін таныстырып, «Кім епті?», «Кім мерген?», «Шалқан», «Кім жылдам?» деп аталатын эстафеталық ойындардан жарысқа түсті. Спорт сайысына әділ бағаларын берген қазылар алқасы үздік ойын көрсеткен қатысушылар мен командаларды грамотамен марапаттап, сый-сияпаттарын табыс етті.
Б.ӘПІЛЖАНОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.