12 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Мәден Мұсаев қатысып, «AMANAT» партиясынан депутат, Қордай аудандық мәслихатының хатшысы Нұрдин Садықовтың төрағалық етті.
Жиынға аудандық мәслихаттың депутаттарынан басқа аудан әкімінің орынбасарлары, бірқатар аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымы қатысты.
Депутаттар ауылдық округтер бюджеттеріне өзгеріс енгізу мәселесін қарап, ол бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы С.Абдужалиева баяндама жасады.
Содан кейін аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай консультациялық-кеңесші органның Қордай ауданы бойынша бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік және өзге көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша 2022 жылы атқарған жұмысы туралы есебін ұсынды.
Сонымен қатар сессия барысында аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің халықпен 2023 жылға арналған тұрақты кездесулерінің кестесі бекітілді.
Барлық сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
КЕЗДЕСУЛЕР КЕСТЕСІ БЕКІТІЛДІ
Prev Post
Next Post