МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

0

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Кәсіби білімділік пен білгірлікті қатар ұстап, кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік жағына аса мән беретін азаматтардың төл мерекесі аталып өтті.

Аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып, өз міндеті мен ісіне адалдық танытып жүрген жандарға құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Мәден Мұсаев сахна төрінен барша әріптестерін төл мерекесімен құттықтап, қиындығы мен жауапкершілігі мол жұмыстарына сәттілік тілеп, еңбегімен еленген қызметшілерге марапаттар тапсырды.
Осы күні Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Бақдәулет Садырбаев марапатталса, Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің басшысы Ердос Тоқтағұловқа берген жоғары тәлім-тәрбиелері мен өнегелері үшін Өмірбек Тоқтағұлов, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің басшысы Алмас Иенбергенге берген жоғары тәлім-тәрбиелері үшін Білім Қасабаев және Жанат Қасабаева Жамбыл облысының Алғыс хатымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Алғыс хатымен Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің грамотасымен Масаншы ауылдық округі әкімінің орынбасары Хусеин Буларов марапатталды. Сондай-ақ, Қордай ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен Мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері Бахтаян Далабаев, Исхар Юбузов, Айтжан Абдибаев және Масаншы ауылдық округі әкімі Рамазан Малиев марапатталды. Сонымен бірге, еңбегімен еленген бірқатар мемлекеттік қызметшілерге аудан әкімінің және «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының Алғыс хаттары табыс етілді.
Азаматтармен өзара қарым-қатынас тиімді мемлекеттік қызметтің негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады. Әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпыну мақсатында осы күні жас мемлекеттік қызметшілер көпшілік алдында ант берді.
Мерекелік шара аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.