МЫҚТЫЛАР ШЫҢҒА ШЫҚТЫ

0

Ұлыстың ұлы күні ауданымызда ауқымды түрде аталып өтті. Көптеген игі іс-шаралар өткізіліп, көрмелер көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылды. Әз наурыз мерекесі әуелі жастар арасындағы спорттық ойындардан бастау алып, оған арнайы аудан әкімі Рүстем Дәулет қатысты.

Қазіргі заман талабына сай салынған Қордай ауылындағы спорт кешеніне спорт сүйер жастар көптеп жиналды. Онда ойынның көптеген түрінен жарыс ұйымдастарылып, спортшылар өз ара бақ сынасты. Атап айтсақ, шахмат, тоғызқұмалақ, футбол ойындары тартысты өтті. Аудан әкімдігі іщкі саясат бөліміне қарасты жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған аталмыш жарысқа қатысушыларға аудан әкімі Рүстем Рысбайұлы сәттілік тілеп, ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Әуелі шахмат түрінен жарыста бақ сынаған жас өспірімдердің ойынына куә болған аудан басшысы бұл ойын түрінен болашақта чемпиондар шығатынына сенім білдіріп, жас шахматшыларға сәттілік тіледі. Одан кейін, үлкен ойын залында өтіп жатқан жастар арасындағы футбол турнирінің де қатысушыларымен кездесті. Бүгінде ауданда бұл спорт түрі қарқынды дамып келе жатқаны рас. Көптеген турнирлар ұйымдастырып, шын таланттарды шыңға шығару жолы мықтап қолға алынған. Футболшыларды ұлы мейраммен құттықтаған аудан әкімі тоғызқұмалақ ойынында тамашалады. Бабадан мұра болып қалған тоғызқұмалақ ойыны шынында ауданда кеңінен қолға алынған. Жарыс жолында облыста озық болып жүргін ауданның жас өспірімдері болашақтан зор үміт күттіруде. Жас ойыншылардың ойынын тамашалаған Рүстем Дәулет, балаларға болашағына сәттілік тілеп, айтулы мейраммен құттықтады. Аудан әкімінің ыстық ықыласы спортшылар дем бергендей жарыс одан әрмен қыза түсті. Кіл мықтының ішінен шын мықтыны шығару оңайға соқпады. Әсіресе футбол ойыны қыза түсті. Аталмыш спорт түрінен аудан командалары бақ сынап, көрермендер қауымы да көп болды. Ойын соңында шын мықтылар шыңға шығып, жарыс жеңімпаздары арнайы диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.