«ПАРАСАТҚА» 20 ЖЫЛ

0

Қордай аудандық Мәдениет үйінің сахнасында «Парасат» әжелер ансамблінің 20 жылдығына арналған ерекше шығармашылық кеш халықтың жүрегінде мәңгілік із қалдырған бірегей іс-шара болды. Кеш, ұлттың рухани мұрасын дәріптеу мен кейінгі ұрпаққа өнеге боларлықтай тағылымды мөп-мөлдір естелік ретінде өткізілді.

Бұдан 20 жыл бұрын құрылған ансамбль ауданымыздың мәдени өмірінде маңызды орын алады. Бұл кеште әжелеріміз халық әндерін, халықтық мұраны сақтап, насихаттап, әндерімен көрермендерді баурап алды. Олардың орындауында А.Қоразбаев, Ш.Қалдаяқов, К.Әзірбаев сияқты халыққа танымал композиторлардың шығармалары орындалып, көрермендердің жүректеріне терең әсер етті.

Кеш барысында мәдениет үйінің талантты өнерпаздары да өз өнерлерін көрсетті. Олардың көздің жауын алатын нөмірлері көрермендердің көңілін көтерді.

Шығармашылық кешке аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Нұржан Молдабеков, аудандық мәслихат төрайымы Қарлығаш Қыпшақбаева арнайы қатысып, іс-шараның мәні мен маңызын арттырды.

Біржан Әбдікерімұлы кеш барысында әжелер ансамбліне құттықтау сөздерін арнап, олардың еңбектері мен мәдениетіміздегі рөлін жоғары бағалады. Нұржан Смағұлұлы ансамбль мүшелеріне алғыс айтып, сый-сияпат жасады.

Бұл кеш Қордай ауданының мәдени өмірінде тарихта қалатын ерекше естелік. Әжелер ансамблі өзінің асыл мұрасын жүзеге асыра отырып, ұлттық өнерді насихаттаудың үлгісін көрсетуде. Келесі ұрпақтарға жарқын үлгі болып, ұлттык мәдениетімізді көркейту жолындағы өз істерін жалғастыруда.

Әділет ҚҰТТЫБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.