Қордай ауданындағы «AMANAT» партиясының филиалы мәдениет және өнер саласының мамандарын құттықтау шарасын өткізді. Бұл іс-шара ауданымыздың мәдениет саласы өкілдерін, шығармашылық адамдарын ынталандыру, олардың еңбегін бағалау мақсатын көздейді.
Шараға партия филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Нұржан Молдабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет және басқа да қонақтар қатысты. Партия төрағасы Бейқұт Жамангозов өнер мамандарына арнаған сөзінде:
«Сіздердің еңбектеріңіз қоғамда үлкен рөл атқарады. Мәдениет пен өнердің дамуында өз іздеріңізді қалдырып, ұлттық құндылықтарды насихаттап келесіздер», — деп атап өтті.
«Біздің ауданның мәдениетіне жарық шашатын сіздердің еңбектеріңіз ешқашан еленбей қалмайды. Сіздер шығармашылықпен айналысып, өз таланттарыңызбен ұрпақтарымызға өнеге көрсетіп келесіздер. Мәдениет – халықтың жаны, ал сіздер сол жанды алып жүресіздер. Біздің ұлттық мәдениетімізді сақтап, дамытудағы рөлдеріңіз өте жоғары. Сіздерге алдағы уақытта шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілеймін», — деді Қоғамдық кеңес төрағасы сөз кезегін жалғап.
Ал ардагерлер кеңесінің төрағасы мәдениет және өнер саласындағы мамандардың жұмысына белгілі бір дәрежеде уақытында көңіл бөлудің маңыздылығын жеткізді.
«Мәдениет – бұл біздің тарихымыз, өркендеуіміз және болашағымыз. Сіздердің жасаған еңбектеріңіз, туған жеріміздің тарихын насихаттап, жастарымызға рухани тәрбие беруде үлкен маңызға ие. Ардагерлер тарапынан да, аудан тұрғындары атынан да сіздерге алғысымыз шексіз», — деді Біржан Әбдікерімұлы.
Шара барысында 21 мамырда атап өтілетін Мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесіне арналған марапаттар тапсырылды. Бірқатар азаматтар «AMANAT» партиясының филиалы төрағасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Олардың қатарында Күмісай Сәрсенбаева, Қарлығаш Қожағазина, Салтанат Балпукова, Қуаныш Ахметов, Елдар Боранбек, Төлеген Қыдырбек, Қаршыға Сұраншиев, Елена Борисевич, Ляззат Жоламанова, Роза Аймурадова, Жазира Мусахметова сияқты мәдениет пен өнер саласының мамандары бар.
Шараның мақсаты – мәдениет және өнер қызметкерлерінің шығармашылығын қолдау, оларды ынталандыру және ауданның мәдениет саласында жетістіктерге жетуге ықпал ету. Мәдениет қызметкерлеріне шығармашылық табыс тілеп, олардың кәсіби дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асыру қажеттілігі туралы да сөз қозғалды. Ауданның мәдени өміріндегі осындай шаралар қоғамға қызмет етуге, мәдениет пен өнерді насихаттауға мүмкіндік береді.
Әділет ҚҰТТЫБАЙ