ШЕКАРАШЫЛАР САМБО КҮРЕСІНЕН ЖАРЫС ӨТКІЗДІ

0

Жуырда ҰҚК Шекара қызметі Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының аумағында шекара қызметі әскери қызметшілері арасында ҰҚК Төрағасының орынбасары — шекара қызметі директорының кубогына арналған самбо күресінен республикалық турнир өткізілді.

Спорттық іс-шараға Қазақстан Республикасы ҰҚК аумақтық шекара қызметі департаменттерінің 130-ға жуық әскери қызметшісі қатысты. Жарыс 8 салмақ дәрежесі бойынша, екі боз кілемде жалғасын тапты. Республикалық турнирге Қазақстан Республикасының 11 спорт шебері және 56 спорт шеберлігіне үміткер қатысты. Бұл спорттық жарыстың басты ерекшелігі мұнда барлық санаттағы әскери қызметшілер қатысты олар: офицерлер құрамы, келісімшарт қызметінің сержанттары және мерзімді қызметтегі сарбаздар.
Шекара қызметінің әскери қызметшілері арасындағы республикалық турнирде ҰҚК төрағасының орынбасары — Шекара қызметі директорының самбо бойынша кубогына халықаралық санаттағы төрешілер қазылық етті. Жарыс қорытындысы бойынша шекарашыларға арнайы естелік медальдар мен бағалы сыйлықтар, сондай-ақ «Үздік техника», «Жеңіске деген ұмтылысы үшін” номинациялары, сондай-ақ грамоталар, жалпы командалық кубоктар табыс етілді.
Жарысқа құрметті қонақтар қатарында қазақстандық аралас жекпе-жек жауынгері әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы, ММА жауынгері Арман Оспанов арнайы шақырылды, ал жоғары басшылық құрамынан ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары полковник Б.Абсаматов арнайы келді.
Үш күнге созылған боз кілемдегі белдесудің нәтижесі негізінде ҰҚК Шекара қызметіндегі ең жас департамент саналатын Абай облысы жүлделі 1-орынды иеленді. Ал екінші және үшінші орындарды Қызылорда және тағы бір жас департамент Жетісулық шекарашылар иеленді.
Осылайша үш күнге созылған боз кілемдегі бәсеке мықтыларды анықтай алды. Осы өткізілген жарыстардың қорытындысы негізінде ҰҚК Шекара қызметінің құрама командасы құрылып, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында өтетін ТМД шекара ведомстволары арасында халықаралық дәрежедегі чемпионатқа қатысады деп жоспарлануда. Ел шебін қорғаумен қатар, спортта да толайым табысқа жетіп жүрген шекарашылардың еңбегі еселене берсін дегіміз келеді…!

Leave A Reply

Your email address will not be published.