Қордай ауданы әкімінің 2026 жылғы 13 шілдедегі №55 ө-ж/қ өкімімен Бірімқұлов Айдар Бекмұханбетұлы Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Айдар Бекмұханбетұлы 1987 жылы 2 желтоқсанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылында дүниеге келген.
Ұлты — қазақ. Білімі — жоғары.
2009 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін, «Биология және экология» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратында әлеуметтік қызметкер болып бастаған.
2012-2013 жылдар аралығында Қордай ауданы Қасық ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман, 2013-2017 жылдар аралығында Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде бас маман, 2017-2018 жылдар аралығында Қордай ауданы әкімі аппаратында бас инспектор, 2018-2026 жылдары Қордай ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
Үйленген. 5 бала тәрбиелеуде.