Тағайындау

0

Қордай ауданы әкімінің 2026 жылғы 13 шілдедегі №56 ө-ж/қ өкімімен Әлиев Арман Манатұлы Қаракемер ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Арман Манатұлы 1984 жылы 11 қарашада Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген.

Ұлты — қазақ. Білімі — жоғары.

2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бухгалтері болып бастаған.

2007-2008 жылдар аралығында «Отау — Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде оператор, 2008-2012 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік – құқықтық жұмысы бөлімінде бас маман, 2012-2014 жылдар аралығында Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық жұмысы бөлімінде бас инспектор, 2014-2026 жылдары «Қызылсай» шаруа қожалығы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Үйленген, 5 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.