ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ БОЙЫНША 11 ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуды тапсырған еді. Осы мақсатта өткен жылдан бастап Қордай ауданында 9 елді мекенде ауыз су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 2 елді мекенде құрылыс жұмыстары толық аяқталса, жыл соңына дейін тағы 3 ауылдың жаңа су жүйесін қолданысқа беру жоспарлануда.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің шалғай елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес Керу, Үлкен Сұлутөр, Көктөбе сынды таулы аймақта орналасқан ауылдарға дейін таза ауыз су желілері тартылатын болады.

Қазіргі кезде 11 ауылдың сумен қамту жүйелерінің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Жыл соңына дейін сараптама қорытындысы алынып, келесі 2024 жылы жұмысты бастау үшін қаржыға өтінім берілетін болады.

Осындай халық игілігі жолындағы маңызды міндеттерді тағы бір талқылау үшін бүгін аудан әкімі Бегзат Болатбеков жобалаушылармен кездесіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың маңыздылығын түсіндірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.