Жуырда Алматы қаласында «Balbulaq» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы «Көктем шуағы» атты V республикалық өнер байқауын ұйымдастырған болатын. Қордайлық бірқатар балақайлар жүлдемен оралған еді. Солардың қатарында Қордай ауылындағы Шерхан Мұртаза атындағы негізгі мектептің 2 сынып оқушысы Төрехан Наурызбай да болды.
Ел ішінде көркем сөздің көсегесін көгертетін сөз шеберлері кездесетіні рас. «Болар бала — басынан» демекші, мұндай дарынды ерте жастан байқауға болады. Мектептің 2 сынып жетекшісі Марал Мәденқызы Қыпшақбаева балақайдың сөз саптауы мен мәнерлеп сөйлеу дарынын байқап, оны тереңдетіп оқыта бастады. Осылайша, жасы кіші болса да, аға-әпкелерінен еш қалыспай, өнерлілер додасында өнер көрсеткен кішкентай Төрехан «Көркемсөз» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.
Бас жүлде құтты болсын! Жарайсың, Төрехан!
ЖАРАЙСЫҢ, ТӨРЕХАН!
Prev Post
Next Post