Елімізде 2025-2026 оқу жылының аяқталуы барлық мектептерінде сән-салтанатымен атап өтілді. Бұл кезең Қордай ауданындағы білім саласының жылдық қорытындысын шығарып, 26 792 оқушының оқуларын аяқтағанын көрсетті, оның ішінде 9 сыныпты 2 992, ал 11 сыныпты 1 537 оқушы тәмамдады. Оқушылардың арасынан 11 сыныптан 33 түлек – «Алтын белгі», 46 түлек Үздік аттестат, ал 9 сыныптан 141 оқушы Үздік аттестатқа ие болады деп жоспарлануда.
Аудандық білім бөліміне қарасты, «Келешек мектептері» ұлттық жобасының аясында салынған №54 орта мектебінде де оқу жылын аяқтауға арналған арнайы шара өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Бегзат Болатбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Ғалым Алимжанов, аудан зиялылар және ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Аудан әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы қатысушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында іске асырылған жаңа білім ордасының маңыздылығын атап өтті. Ол бұл мектептің өскелең ұрпақтың жарқын болашағына мол мүмкіндік беретінін, биыл алғаш 24 түлектің қанат қаққанын айтты. Салтанатты шара барысында оқушылар мен ұстаздардың жетістіктері туралы сөз қозғалып, мектеп ұжымы мен ата-аналарға алғыс білдірілді.
Бұл шара – тек өткен оқу жылын қо-рытындылап қоймай, еліміздегі білім беру жүйесінің жаңаша дамуын көрсетіп, келешек ұрпақтың білім алуына қосылған сүбелі үлес.
Әділет ҚҰТТЫБАЙ