Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат БАҚАЕВ ЖҰЛДЫЗБЕК ТӨЛЕНҰЛЫ
ӨМІРБАЯН
Бақаев Жұлдызбек Төленұлы 1985 жылғы 15 ақпанда Қордай ауданының Қаракемер ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2005 жылы гуманитарлық-техникалық колледжді «заңгер» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы «Калпаков» шаруа қожалығы директорының орынбасары болып бастаған. 2013–2016 жылдары аталған шаруашылықты басқарды. 2016–2021 жылдары Қаракемер ауылдық округінің әкімі, 2021 жылы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, кейін аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2025 жылғы желтоқсаннан бері де аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.
Ауданның дамуы тек жаңа нысандар салумен немесе жолдарды жөндеумен ғана шектелмейді. Ең бастысы – тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру, жастардың дамуына мүмкіндік жасау, аға буынға құрмет көрсету, әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға жағдай туғызу және туған жердің жарқын болашағына деген сенімді нығайту. Сондықтан елді мекендердің инфрақұрылымын жетілдірумен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуге ерекше мән береді. Басты мақсат – ауданның әлеуетін тиімді пайдаланып, тұрғындардың қажеттіліктеріне жауап беретін, келешек ұрпаққа берік негіз болатын игі бастамаларды қолдау.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Қаракемер, Керу, Қарасай және Еңбек ауылдарында егіншілік пен мал шаруашылығын дамытуға басымдық беріп, шаруа қожалықтарының мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қолжетімділігін кеңейтуге және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге қолайлы жағдай қалыптастыруға күш салу.
Шағын және орта шаруашылықтардың дамуына жағдай жасау, ауыл тұрғындарының өз кәсібін ашуына және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарының құрылуына бағытталған бастамаларды қолдау.
- БІЛІМ БЕРУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ
Округтегі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқу кабинеттерін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге және мектептердің инфрақұрылымын жақсартуға ықпал ету.
- ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендерде өрт қауіпсіздігін күшейтуге және төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында өрт сөндіру пункттерін салуға, қажетті қаржыландыру мәселесін шешуге және нысандарды пайдалануға беру жұмыстарын жүзеге асыруға ықпал ету.
- АУЫЛ КӨШЕЛЕРІН ЖАРЫҚТАНДЫРУ
Қарасай және Еңбек ауылдарындағы көше жарықтандыру жұмыстарын, сонымен қатар ескірген электр бағаналарын орнату жұмыстарын іске асыруға қолдау көрсетіп, тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына жағдай жасау.
- ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ
Қарасай ауылдық округінде жаңа ветеринариялық пункттің салынуына ықпал етіп, тұрғындарға көрсетілетін ветеринариялық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
Мал ауруларының алдын алу, профилактикалық және ветеринариялық іс-шараларды уақытылы ұйымдастыру, сондай-ақ мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға қажетті қызметтердің қолжетімді болуына жағдай жасау.
- АУЫЛІШІЛІК ЖОЛДАРДЫ ЖАҚСАРТУ
Ауылішілік жолдардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол белгілерін орнату, жаяу жүргіншілер өткелдерін ретке келтіру және әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу.