АУЫЛДЫК ОКРУГТЕР БЮДЖЕТІ ТУРАЛЫ

0

11 шілде күні «AMANAT» партиясынан депутат, Қордай аудандық мәслихатының хатшысы Нұрдин Садықовтың төрағалығымен аудандық мәслихат сессиясы өтіп, оған депутаттардан басқа ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессия жұмысына аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Елдос Нұралиев қатысты.
Сессияда «Қордай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №19-2 «2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округтер бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» сұрақ қаралды. Аталған мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиеваның баяндамасы тыңдалды. Депутаттар бірауыздан енгізілетін өзгерістерді қолдап, тиісті шешім қабылдады

Leave A Reply

Your email address will not be published.