«АЯУЛЫ АНА» орденімен марапатталды

0

Ұлттық құндылық – халқымыздың басты байлығы. Ал оны жас ұрпақтың санасына сіңіру, кеңінен насихаттауда қазақ аналарының үлесі зор. Елімізде  халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеп,  өскелең ұрпақтың тәрбиесіне атсалысып жүрген ақжаулықты аналарымыз баршылық.

 

Наурыз айының басында Астана қаласында «Жаңа Қазақстан Республикалық инновациялық орталығы мен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық  ғылыми — зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен 8 наурыз – «Халықаралық әйелдер күні»  мерекесіне орай «Аяулы ана» Республикалық форумы өткен болатын. Оған бір-бір шаңырақтың отанасы болумен қатар, қоғамдық өмірге де белсене араласып жүрген, ұлт болашағына бейжай қарамайтын еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған асыл жандар қатысты.

Республикалық байқауға Қордай ауданынан аудандық ардагерлер кеңесінің «Аналар алқасының» төрайымы Қағазбай Роза Балабекқызы қатысып, «Аяулы ана» орденімен және бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.