БАЛҒЫНДАР КӨҢІЛДІ УАҚЫТ ӨТКІЗДІ

0

1 маусым балаларды қорғау күніне орай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығында «Біз бақытты баламыз» атты іс-шара өтті.

Мерекелік шарада қызмет алушылар би билеп, жарыс ойындарын ойнап, түрлі-түсті борлармен бақшада суреттер салудан сайысқа түсті.
Жүздері бал-бұл жанған балақайларды құттықтай келген Қордай аудандық Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері сыйлықтарын тарту етіп, балғындардың қуанышын еселей түсті.
Сондай-ақ, бұл күні орталықтың қызмет алушылары балаларымен бірге аудандық Мәдениет үйінде ашылған жаңа кинотеатрға барып, көпшілікпен бірге «Чебурашка» мультфильмін тамашалады. Содан кейін саябақта серуендеп, уақытты көңілді өткізді.
Балаларымыздың аспаны ашық, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.