ЖАС СПОРТШЫЛАР БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

0

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қаракемер ауылындағы Қ.Молдасеитов атындағы спорт кешенінде «Бақытты болашақ» атты кіші футболдан жасөспірімдер арасында жарыс өтті. Қаракемер ауылдық округінің әкімі Р.Алыбаевтың ұйымдастыруымен өткен спорттық сайыста әр команданың ойыншылары тартысты ойын көрсетті.

Үздік шыққан жеңімпаздарды құттықтай келген аудандық мәслихаттың «Ауыл» партиясынан сайланған депутаттары Ж.Манасбаев және Д.Кенжебеков болашақ футболистерді марапаттап, бағалы сыйлықтар тарту етті. Сонымен қатар, мерекелік іс-шараға аудандық мәслихат аппаратының басшысы О.Жортаров қатысып, жасөспірімдерге ізгі тілегін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.