КІШКЕНТАЙ ОҚЫРМАНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ

0

Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Шуақты балалық шақ» ертеңгілігі өтті.

Кітапхана ауласында өткен шараға кітапхана қонақтары мен бүлдіршіндері қатысты. Шара барысында кітапхананың тұрақты оқырманы Алуа Мейірбек «Ұйғыр биін» орындап, әртүрлі ертегі кейіпкерлері, сайқымазақ, қоян, тауық, қораз және жолбарыс келіп, балақайларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кеш соңында кейіпкерлер бүлдіршіндермен би билеп, өлеңдерін оқыды. Кітапхана қызметкерлері балдырғандарды мерекелерімен құттықтап, балмұздақ таратты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.