Сарбаздар жауынгерлік бөлімге жіберілді

0

Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлеріне қарасты оқу орталығының мыңға жуық сарбаздары жауынгерлік әскери бөлімдерге жіберілді.

30212 әскери бөлімінде қызмет атқарған сарбаздар 6 ай көлемінде мотоатқыштар, танкішілер, артиллерия әскери мектептерінде кіші мамандықтар бойынша әскери білімдерін жетілдірді. Атап айтқанда жаяау ұрыс машинасы мен танк механик-жүргізушісі, көздеуші-операторы, брондалған көліктің механик-жүргізушісі, Д-30 гаубицасы мен БМ-21 жауынгерлік техникасының командирі, есептеуші, топогеодезист және барлаушы мамандықтары бойынша әскери білім алды.

Оқу тәрбие процесін тәмамдаған сарбаздар кіші мамандықты бітіргендігі туралы куәлік алды. Олар енді қызмет мерзімі аяқталғанға дейін Құрлық әскерлерінің жауынгерлік әскери бөлімдерінде қызметтерін жалғастырады.

  • Біздің оқу орталық жыл сайын көктем және күз мезгілінде шақырылған жас сарбаздарға 6 ай көлемінде кіші мамандық бойынша әскери білім беруде. Оларға кіші мамандық куәлік беріп, жауынгерлік бөлімдерге жіберіп отырамыз. Қарулы Күштерде болып жатқан оқу жаттығуларға біздің сарбаздар қатысып, жақсы нәтиже көрсетуде, — деді әскери бөлім командирінің орынбасары – оқу әдістемелік бөлімінің бастығы ұлан подполковнигі Құрманғали Қалымбетов.

 

Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жомарт Тажиханов

Leave A Reply

Your email address will not be published.